Жуалы: «Қамқор-Шарапат» аясында бейіт басында уағыз-насихат айтылды

Жуалы: «Қамқор-Шарапат» аясында бейіт басында уағыз-насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылдық мешітінің молдасы Бақытжан Илесов «Қамқор-Шарапат» жобасы аясында марқұмды жерлеу рәсімі кезінде бейіт басында жиналған жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтты.

Насихат барысында өмірдің өткінші екені, өлімнің ақиқат екені еске салынды. Жамағатқа жақсы амал жасауға асығу, ақыретке дайын болу және әрбір мұсылманның өз ісіне жауапты екені түсіндірілді.

Уағыздан кейін Құран аяттары оқылып, сауабы марқұмның рухына бағышталды. Сонымен қатар діни рәсімдерді шариғат талаптарына сай өткізу, ысырапшылдыққа жол бермеу, бос сөзден сақтану және ықыласты тек Алла разылығы үшін жасау қажеттігі айтылды.

Алла тағала барша марқұмдарға рақым етіп, жәннаттан орын нәсіп етсін!- деп дұға жасады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: