Жуалы ауданына қарасты Қошқарата ауылдық мәдениет үйінде ауыл имамымен кездесу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ауыл имамы Нұрмахан Кемерханұлы мәдениет үйінің қызметкерлерімен «Имандылық – ар-ұяттың айнасы» тақырыбында мазмұнды әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында имандылықтың адам өміріндегі орны, ар-ұят, әдеп пен адамгершілік құндылықтары кеңінен насихатталып, ұлттық және рухани тәрбие мәселелері қозғалды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Мұндай кездесулер қоғамда рухани құндылықтарды дәріптеп, жастар мен қызметкерлер арасында ізгілік пен жауапкершілік қасиеттерін нығайтуға бағытталған.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

