Жуалы: Билікөл мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

Жуалы: Билікөл мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарабастау ауылындағы «Билікөл» мешітінде кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мешіт имамы Қуаныш Орынбасарұлы отбасымен бірге ғибадат үйінің ішкі бөлмелері мен сыртқы ауласының тазалығын жүргізді. Сонымен қатар қураған және сынған талдарды кесу, аула сыпыру және абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Тазалық — иманның жартысы. Мешіттің көркеюіне үлес қосқан жандарға Алла разы болсын!

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: