Жуалы: Ынсап пен шүкір – нығметті арттыратын қасиет

Жуалы: Ынсап пен шүкір – нығметті арттыратын қасиет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма намазының алдында жамағатқа «Ынсап пен шүкір – нығметті арттыратын қасиет» тақырыбында тағылымды насихат айтылды.

Жұма уағызында ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы адам баласының бұл дүниедегі бақыты мен ақыреттегі жетістігі жүрегінің тазалығына және Алла Тағала нәсіп еткен нығметтерге деген көзқарасына байланысты екенін атап өтті. Ол Ислам дінінде адамды қанағатқа тәрбиелеп, жүрекке тыныштық сыйлайтын ең ұлы құндылықтардың бірі – ынсап пен шүкір екенін жеткізді.

Уағыз барысында ынсаптың – өзгенің ақысын құрметтеу, барына қанағат ету және нәпсінің шексіз қалауларына тосқауыл қоя білу екенін түсіндірді. Ал шүкір – Алла Тағаланың берген сансыз нығметтерін жүрекпен сезініп, тілмен айтып, оны игі амалдармен және құлшылық арқылы көрсету екенін баяндады.

Сөз соңында бас имам: «Ынсап пен шүкір қатар болған жерде адамның өміріне береке дариды. Алла Тағалаға шүкіршілік еткен құлының нығметін арттырып, өміріне молшылық пен тыныштық береді», – деп жамағатты әрдайым қанағатшыл, шүкіршіл болуға үндеді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: