Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жұмыс сапары барысында Байзақ ауданына қарасты Бұрыл ауылында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сапар барысында мешіт құрылысының бүгінгі жай-күйі, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқыны қарастырылды. Құрылысқа жауапты азаматтар нысанның орындалу барысы туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Облыс бас имамы мешіттің тек құлшылық орны ғана емес, халықтың рухани тәрбиесі мен бірлігін нығайтатын маңызды орталық екенін атап өтті. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуына мән беріп, игі іске атсалысып жүрген демеушілер мен азаматтарға алғысын білдірді.
Кездесу соңында жаңа мешіттің ел игілігіне қызмет етіп, ауыл тұрғындарының рухани сұранысын өтейтін қасиетті орынға айналуына тілектестік білдіріліп, құрылыс жұмыстарына береке тіленді.



24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

