Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы «Әбдімажит» мешітінде ауыл имам-молдаларымен кездесіп, ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр және отбасы құндылығы» бағыттары аясында семинар өткізді.
Семинар барысында қазақ халқының дәстүрлі діни танымын насихаттау, ұлттық салт-дәстүрді ислам құндылықтарымен сабақтастыра түсіндіру, отбасы институтын нығайту және қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен сөз болды.
Облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы имам-молдалардың жамағатпен және ауыл тұрғындарымен жүргізетін насихат жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, діни мәселелерді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымына сәйкес түсіндіру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, отбасы бірлігін сақтау, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жат ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге шақырды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Семинар қорытындысында ауыл имам-молдаларына алдағы діни-ағарту жұмыстарын жандандыруға қатысты нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.



24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

