БАЙЗАҚ: ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚҰМЖОТА МЕШІТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

БАЙЗАҚ: ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚҰМЖОТА МЕШІТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жұмыс сапары аясында Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысының барысымен танысты. Сапар барысында құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі қаралып, нысанның сапалы әрі уақытылы аяқталуы мәселелері талқыланды.

 имам мешіттің тек құлшылық орны ғана емес, ел бірлігі мен рухани тәрбиенің алтын діңгегі екенін атап өтті. Сондай-ақ құрылысқа қолдау білдіріп жүрген азаматтарға ризашылығын жеткізіп, игі істің сауапты әрі берекелі болуына дұға жасады.

Кездесу барысында жауапты азаматтар құрылыс жұмыстарының қазіргі жай-күйі туралы мәлімет беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бас имам құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, мешіттің ел игілігіне қызмет ететін рухани орталыққа айналуына тілектестік білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: