Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жұмыс сапары барысында Байзақ ауданы Үлгілі ауылында орналасқан «Әбдімажит» мешітіне арнайы барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.
Сапар барысында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы және ауыл имамы Азамат Боранбайұлы мешіттің материалдық-техникалық жағдайы, тазалығы, құжаттарының жүргізілуі, діни оқу үдерісі және жамағатпен атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Асқар Зәкіржанұлына баяндады. Өз кезегінде облыс бас имамы, имамның діни-ағарту, қайырымдылық және жастармен жүргізіп жатқан жұмыстарына оң бағасын беріп, бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Облыс бас имамы мешіт қызметінің сапасын арттыру, жамағатпен байланысты нығайту және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сапар соңында бас имам мешіт ұжымына береке-бірлік тілеп, ел игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.


23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

