Намаздың адам өміріне маңызы

Намаздың адам өміріне маңызы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Исламның  бес парызының  алғашқысы иман болса, екіншісі – намаз. Намаз - діннің тірегі, иманның белгісі, жүректің нұры, рухтың қуаты, мусылманның миғражы. Адам баласының ең қайырлы, ең пайдалы амалы -намаз. Біздер намаз арқылы Жаббар иені әрдайым еске алып, оған  бір табан болсада  жақындай түсеміз. Бұл тұрасында аятта : «Мені еске алу үшін  намаз оқы»  делінген. Намаз оқудан бұрынғы үмбеттерге де парыз етілгендігі тұрасында  Құран кәрімде  көптеген аяттар бар. Адамдар үшін ең сауапты  құлшылық болып табылады.

Намаз – мазмұны мен мәні терең,  қасиетті құлшылық. Оның артықшылығын санап тауыса алмайсың. Құлшылық етіп намаз оқығандар ақиретте Жаратушының көз көріп, құлақ естімеген сый-сияпатына бөленіп, жүзі нұрлы болады. Ал оны біле тұра оқымағандарға тиісінше азап бар. Абай атамыз:  «Ақылдыға иман парыз, ал имандыға ғибадат парыз»  дегені де осыған сай айтылған болса керек. Хадисте: «Біреу намаз оқығанда, ол іштей Алламен  сөйлесіп тұрады» делінген. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) намазға қатты көңіл бөлетін, бір сөзінде: «Намаз - менің көзімнің қарашығы (нұры), жұбанышым» - деген.

Біздің намаз құлшылығымыз күнәларды жуып-шаяды, тозақ отыннан алыстатады. Мұны білген халифа Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) намаз уақыты жақындағанда: «тұрыңдар жаққан оттарыңды өшіріңдер» - деп, күнә адамды тозақ отына жетелесе, намаз ол отты сөндіруші екендігін ескерткен. Алла Тағала жер жүзінде әр бір адам баласына, намазға лайықты болуымызды нәсіп етсін.

Қордай ауданы, Қарасай  ауылы,

«Қарасай баба» мешітінің   имамы Дургалов Абдул

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: