Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жұмыс сапары барысында Байзақ аудандық кітапхананың мәжіліс залында Құран курсын сәтті аяқтаған ауыл имам-молдаларын арнайы құттықтап, оларға сертификат табыстады.
Салтанатты шарада облыс бас имамы Құран ілімін меңгеруге талпыныс танытып, білімін жетілдірген имам-молдалардың еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, имамдардың діни сауатын үнемі арттырып, жамағатқа сапалы діни қызмет көрсету жолындағы ізденістерінің маңыздылығына тоқталды.
Өз сөзінде бас имам Асқар Зәкіржанұлы Құран Кәрімді дұрыс оқу мен тәжуид қағидаларын меңгерудің әрбір дін қызметкері үшін аса маңызды екенін айтып, алған білімдерін халықтың рухани тәрбиесі мен дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау жолында тиімді пайдалануға шақырды.
Шара соңында курс тыңдаушыларына сертификаттар табысталып, оларға алдағы қызметтеріне береке мен табыс тілеп, ізгі тілектер айтылды.



23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

