Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жұмыс сапары барысында Құран курсын тәмамдаған Байзақ ауданындағы имам-молдалардың қорытынды сынағына қатысты.
Сынақ барысында имам-молдалар Құран Кәрімді тәжуид қағидаларына сай мәнерлеп оқып, жаттаған сүрелерін және Құран оқу деңгейін көрсетті. Облыс бас имамы әрбір қатысушының білімін тыңдап, оқу мәнері мен тәжуид ережелерін меңгеру деңгейіне баға беріп, қажетті ұсыныс-кеңестерін айтты.
Сондай-ақ, имамдардың діни білімін үнемі жетілдіріп отырудың, Құран ілімін терең меңгерудің және жамағатқа сапалы діни қызмет көрсетудің маңыздылығына тоқталды.
Сынақ соңында облыс бас имамы курсқа қатысқан имам-молдаларға ризашылығын білдіріп, алған білімдерін ел игілігі мен рухани тәрбие жолында тиімді пайдалануға шақырды.



23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

