Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жұмыс сапары аясында Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде бесін намазының алдында жамағатқа уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында ислам дінінің асыл құндылықтары, тақуалық, көркем мінез, имандылық, қоғамдағы ауызбіршілік пен ынтымақтың маңызы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, мұсылманның Аллаға құлшылығы, ата-анаға құрмет, отансүйгіштік және дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау мәселелеріне ерекше тоқталды.
Облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жамағатты діни білімді сенімді дереккөздерден алуға, Құран мен сүннетті берік ұстануға және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бағытын қолдауға шақырды.
Уағыз соңында еліміздің амандығы, жұртымыздың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасалып, жамағат облыс бас имамының тағылымды насихатынан рухани әсер алды.



23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

