Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Байзақ ауданы Диқан ауылында тілсіз жаудан зардап шегіп, өрт шырпыған шаңыраққа арнайы барып, отбасының жағдайымен танысты. Кездесу барысында жанұя мүшелеріне сабырлық тілеп, қиын сәтте қолдау білдіру – мұсылмандық әрі адамгершілік парыз екенін атап өтті.
Игі шара аясында облыс бас имамы өрттен жапа шеккен отбасыға 200 000 теңге қаржылай көмек табыстап, алдағы уақытта да қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді. Отбасы мүшелері көрсетілген қамқорлық пен жанашырлық үшін өз ризашылықтарын білдірді.
Кездесу соңында бас имам Алла Тағаладан отбасының амандығын, береке-бірлігін тілеп, сынақтың артынан жеңілдік келуін сұрап дұға жасады.



23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

