Байзақ: ОБЛЫС ИМАМЫ ТҮЙМЕКЕНТ МЕШІТІНІҢ ҚҰРЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Байзақ: ОБЛЫС ИМАМЫ ТҮЙМЕКЕНТ МЕШІТІНІҢ ҚҰРЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Түймекент ауылындағы салынып жатқан мешіт құрылысына арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Құрылыс сапасы мен атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, жауапты азаматтармен пікір алмасты.

Кездесу барысында Алла үйінің құрылысына үлес қосудың үлкен сауапты іс екенін атап өткен облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы игі бастамаға қолдау білдіріп, ауданның бірқатар мешіттерінің имамдары мен жамағаттарынан мешіт құрылысына деп жиналған 250 000 теңге қаржылай көмекті табыстады. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы аяқталуына тілектестік білдірді.

Шара соңында жиналған жамағатпен бірге еліміздің амандығы, жұртымыздың бірлігі және мешіт құрылысының сәтті аяқталуы үшін дұға жасалды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: