Байзақ: ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ПӘТУА САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

Байзақ: ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ПӘТУА САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жұмыс сапары аясында Байзақ ауданындық «Байзақ баба» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Пәтуа сағатын» өткізді.

Пәтуа сағаты барысында күнделікті өмірде жиі кездесетін діни мәселелер жан-жақты түсіндіріліп, құлшылыққа, отбасы құндылықтарына, діни рәсімдерге және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты қойылған сұрақтарға Құран мен сүннетке сай, сондай-ақ ҚМДБ бекіткен пәтуалар негізінде жауап берілді.

Облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мұсылман баласының діни мәселелерде сенімді дереккөздерге сүйеніп, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстануының маңыздылығына тоқталып, жамағатты ауызбіршілікке, ізгілікке және көркем мінезге шақырды.

Кездесу соңында жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Бұл игі шара қатысушылардың діни сауатын арттыруға және рухани танымын кеңейтуге бағытталған тағылымды басқосу болды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: