Жамбыл облысының бас имамы Сатылғанов Асқар Зәкіржанұлы ауданға жұмыс сапары барысында Байзақ ауданының әкімі Баққараев Олжас Елебекұлымен кездесті. Кездесу барысында аудандық мешіт жанынан салынатын замануи жаңа мешіттің құрылысы талқыланды. Аудан әкімі мешіт құрылысының жоспарымен танысып, барынша қолдау білдіретінін атап өтті.
Тараптар халықтың діни сауатын арттыру, жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау мәселелеріне де тоқталды. Сонымен қатар, аудан мешіттерінде атқарылып жатқан игі шаралар мен алдағы бірлескен жобалар жайында пікір алмасты.
Облыс бас имамы аудан әкімдігіне дін саласындағы жұмыстарға көрсетіліп отырған қолдау үшін ризашылығын білдіріп, қоғамның рухани тұтастығын сақтау жолындағы өзара ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
Кездесу соңында қос тарап алдағы уақытта да өзара әріптестікті нығайтып, ел игілігі жолындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.



13 Қыркүйек 2026
30 Раби-авваль 1448

