Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жұмыс сапары аясында Байзақ аудандық кітапхана мәжіліс залында дін қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алға қойған міндеттері, діни-ағарту жұмыстарының сапасын арттыру және жамағатпен жұмысты жүйелі жүргізу мәселелері сөз болды.
Облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы имамдардың халықпен тығыз байланыста болып, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттауға, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға үлес қосулары қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ҚМДБ бекіткен құжаттар мен пәтуаларды басшылыққа алып, діни қызметті жауапкершілікпен атқарудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу соңында дін қызметкерлері өзара пікір алмасып, алдағы жұмыстардың жоспарын талқылады. Облыс бас имамы барша имамдарға ел игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тілеп, бірлескен жұмыстың нәтижелі болуына сенім білдірді.



30 Шілде 2026
14 Сафар 1448

