Шу ауданындағы «Төле би» мешітінің әйел-қыздар секторының ұстазы Рукиям Абдуллақызының ұйымдастыруымен орыс тілді топ шәкірттері арасында «Бірайдабірхатым» жобасы басталды. Мешіттен діни тәлім алып жүрген қыз-келіншектер Құран Кәрімді толық оқып шығып, оның сауабын дүниеден өткен аруақтардың рухына бағыштады.
Бұл бастама шәкірттердің Құран оқу шеберлігін шыңдап қана қоймай, бақилық болған жандарға дұға бағыштау сияқты сауапты амалдарды әдетке айналдыруға бағытталған. Шара соңында оқылған хатымның дұғасы жасалып, ел амандығы мен шаңырақтардың берекесі үшін тілек тіледі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

