Шу: Мәйітті кебіндеу және соңғы сапарға шығарып салу әдебі

Шу: Мәйітті кебіндеу және соңғы сапарға шығарып салу әдебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының орталығында орналасқан «Төле би» мешітінде әйел-қыздар секторының ұстазы Рукиям Абдуллақызының ұйымдастыруымен орыс тілді топқа арналған «Мәйітті кебіндеу және соңғы сапарға шығарып салу әдебі» тақырыбында тағылымды семинар өтті.

Шараға ауданның ақжаулықты аналары, әжелер мен апа-қарындастар қатысып, шариғат талаптарына сай соңғы міндетті дұрыс орындаудың қыр-сырын меңгерді. Жиын барысында ұстаз мәйітті жуындыру, кебін пішу және орау сияқты маңызды амалдарды тәжірибе жүзінде көрнекі түрде түсіндіріп берді.

Басқосу соңында арнайы сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып, қатысушылар көкейде жүрген діни әрі салттық сауалдарына тұшымды жауаптар алды. Өзекті де жауапты тақырыпты қозғаған бұл шараға апа-әжелеріміз ризашылықтарын білдіріп, жоғары оң бағаларын берді. 

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: