«Кімде-кім бір игілік жасаса, оған оның он есе сауабы бар» деп Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: «Жақсылық жасағандарға он есе сауап бар» («Әнғам» сүресі, 160-аят).
Осы игі қағиданы басшылыққа алған «Достық» мешітінің ұжымы мен жамағаттың ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен әрі көмекке мұқтаж үш отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Бұл қайырымдылық шарасының мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қоғамдағы мейірімділік пен бауырмалдықты нығайту.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға ең пайдалысы» деген. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мұсылман бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетін өтейді» деген
Қаржылай көмекті алған отбасылар игі іске ұйытқы болған жандарға алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Алла Тағала қайырымдылыққа үлес қосқан барлық азаматтардың садақаларын қабыл етіп, малдарына береке, отбасыларына амандық, екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

