«Жүніс молда» мешітінде жамағатқа арналған кезекті насихат барысында мешіт ұстазы Еламан Бақытханұлы «Құрандағы мысалдар» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді.
Насихат барысында қасиетті Құран Кәрімде келтірілген мысалдардың адам баласына ой салу, ақиқатқа жетелеу және иманын күшейту мақсатында баяндалатыны кеңінен түсіндірілді. Алла Тағала: «Біз бұл мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ оларды білім иелері ғана түсінеді» - деген.(«Анкабут» сүресі, 43-аят)
Насихат соңында жамағатқа Құранды оқып, оның мағынасына терең үңіліп, ондағы өнегелі мысалдардан өмірлік сабақ алудың маңыздылығы айтылды. Алла Тағала баршамызға Құранды түсініп оқып, оның үкімдері мен өсиеттеріне амал етуді нәсіп етсін.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

