Тәтті ауылдық мешітінде жамағатқа арналған кезекті рухани насихат барысында мешіт имамы «Құран оқудың маңызы мен артықшылықтары» тақырыбында уағыз айтты.
Насихат барысында қасиетті Құран Кәрімнің мұсылман өміріндегі орны, оны оқып, түсініп, амал етудің маңыздылығы жан-жақты баяндалды.
Құран — рухани ем. Алла Тағала Құранда: «Естеріңде болсын, жүректер Алланы еске алумен ғана орнығады (тыныштық табады)» («Рағд» сүресі, 28-аят) деген.
Уағыз соңында жамағат Құранды тек оқумен шектелмей, оның мағынасына үңіліп, үкімдері мен өсиеттерін өмірде жүзеге асыруға шақырылды. Алла Тағала баршамызды Құранға амал етуші құлдарының қатарынан етсін.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

