ЖАМБЫЛ: ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Бәйдібек мешітінде наиб имам Азамат Балхожаев жамағатқа арналған дәстүрлі «Пәтуа сағаты» өткізді. Кездесу барысында күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелерге шариғат аясында жан-жақты түсіндірмелер берілді. Наиб имам Құран мен сүннетке, сондай-ақ дәстүрлі Ислам құндылықтарына сүйене отырып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға нақты әрі мазмұнды жауаптар ұсынды. Сонымен қатар, құлшылық әдебі, отбасылық қарым-қатынас, көркем мінез және қоғамдағы жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды.

Пәтуа сағаты барысында діни үкімдерді сенімді дереккөздерден алудың және күмәнді ақпараттарға ермеудің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Мұндай рухани кездесулер жамағаттың діни сауатын арттырып, имандылық пен ізгілік құндылықтарын нығайтуға оң ықпал етеді. Іс-шараның басты мақсаты – халықтың көкейіндегі діни сауалдарға дұрыс жауап беру, дәстүрлі діни танымды қалыптастыру және қоғамдағы рухани бірлікті нығайту.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: