ЖАМБЫЛ: ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР НАCИХАТТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ: ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР НАCИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылындағы «Бейсеу ата» мешітінде жамағатқа арналған тағылымды кездесулер өтті. Екі бөлімнен тұрған рухани жиынды мешіт имамы Ермұханбет Берсүгір жүргізді.

Кездесу барысында ең алдымен «Дін мен жастар байланысы» тақырыбы кеңінен сөз болды. Имам жастар тәрбиесінде Ислам дінінің алатын орны мен олардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңірудің маңызына тоқталды. Бүгінгі таңда жастардың діни сауатын арттыру, жат ағымдардың ықпалынан сақтану, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу өзекті екені айтылды. Сонымен қатар ата-ананы сыйлау, білімге ұмтылу, еңбекқорлық пен отансүйгіштік әрбір мұсылман жастың басты ұстанымы болуы тиіс екендігі насихатталды.

Сондай-ақ жиында «Суицид – қоғам дерті» тақырыбында да салмақты уағыз айтылды. Дін қызметкері адам өмірінің Алла тарапынан берілген ең ұлы аманат екенін, қандай да бір өмірлік сынақтарда сабыр сақтап, үміт пен тәуекелді жоғалтпау керектігін түсіндірді. Күйзеліске түскен жандарға дер кезінде қолдау көрсетіп, мейірімділік пен жанашырлық таныту — бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екені баса айтылды.

Рухани басқосу соңында қатысушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, Құран мен сүннет негізінде тұшымды жауаптар алды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: