Аса ауылының «Домалақ ана» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 45 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Игі бастама мешіт имамы Расылхан Сыбанбайдың ұйымдастыруымен жүзеге асып, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталды.
Қайырымдылық шарасы барысында күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері мұқтаж жандарға табысталды. Имам өз сөзінде қайырымдылықтың Ислам дініндегі орны мен мұқтажға жәрдем берудің сауапты іс екенін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай игі амалдар қоғамдағы мейірімділік пен өзара жанашырлықты нығайтуға ықпал ететіні айтылды. Шараға қатысқан азаматтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Бұл қайырымдылық акциясының басты мақсаты – әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, мұқтаж отбасыларға демеу болу және қоғамда ізгілік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Осындай игі шаралар халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырып, қайырымдылық мәдениетінің кеңінен дамуына өз үлесін қосады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

