Жамбыл: «АРЫНҒАЗЫ» МЕШІТІНДЕ ЖҮЙЕЛІ УАҒЫЗДАР МЕН ДӘРІСТЕР ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл: «АРЫНҒАЗЫ» МЕШІТІНДЕ ЖҮЙЕЛІ УАҒЫЗДАР МЕН ДӘРІСТЕР ЖАЛҒАСУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Гродиково ауылындағы «Арынғазы» мешітінде жамағаттың діни сауаты мен имандылығын арттыруға бағытталған жүйелі ақшам уағыздары мен тағылымды дәрістер өтті. Рухани жиындарды мешіт ұстазы Малик Унгарбаев жүргізді.

Ақшам уағызы барысында ұстаз «Ақшаның Исламдағы орны мен оны адал жолмен табудың маңыздылығы» тақырыбын кеңінен қозғады. Мал-мүлік пен байлықтың Алланың аманаты екенін айтқан дін маманы, табыстың берекесі оның мөлшерінде емес, адалдығы мен шүкіршілігінде екенін атап өтті. Жамағатқа өсімқорлық пен ысырапшылдықтан, өзге ақысын жеуден сақтану керектігі ескертіліп, садақа мен зекеттің қоғамдағы әлеуметтік теңдікті сақтаудағы орны түсіндірілді.

Сондай-ақ, жамағатқа «Иманның шарттары» тақырыбында да арнайы дәріс ұйымдастырылды. Ұстаз Малик Унгарбаев иманның алты шартына сену мұсылманның берік тірегі екенін баяндап, Аллаға, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ақырет күніне және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтірудің терең мәнін ашып көрсетті. Жиында діни білімді тек сенімді дереккөздерден алу, құлшылыққа ұқыпты болу, көркем мінез бен сабырлылықты серік ету сияқты өзекті мәселелер сөз болды.

Басқосулар соңында жиналған қауым көкейкесті сауалдарын қойып, Құран мен сүннет негізінде тұшымды жауаптар алды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: