Қордай: Әйел жамағатымен айлық отырыс өтті

Қордай: Әйел жамағатымен айлық отырыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған кезекті айлық рухани отырыс өтті. Дастархан басында өткен бас қосуда қатысушыларға имандылық, отбасы татулығы, ұлттық құндылықтар, бала тәрбиесі және мұсылман әйелінің қоғамдағы жауапкершілігі жайында тағылымды насихат айтылды.

Сондай-ақ күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелер талқыланып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға Құран мен сүннет негізінде жауаптар берілді. Кездесу барысында әйелдердің діни сауатын арттыру, көркем мінезді қалыптастыру, бірлік пен бауырмалдықты нығайту, ұлттық салт-дәстүрді ислам құндылықтарымен сабақтастыра отырып ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Осындай рухани кездесулердің қоғамдағы ізгілік пен тәрбиені насихаттаудағы орны ерекше екені атап өтілді. Жиын соңында еліміздің амандығы, халқымыздың бірлігі, отбасының берекесі мен ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолда болуы үшін дұға жасалып, қатысушыларға алғыс білдірілді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: