ЖАМБЫЛ: ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЖАМБЫЛ: ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гродиково ауылындағы «Арынғазы» мешітінде ұстаз Малик Унгарбаевтың қатысуымен жамағатқа «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізілді. Уағыз барысында деструктивті діни ағымдардың қоғамның тұтастығына, елдің тыныштығына және адамдардың рухани дүниесіне тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Ұстаз дәстүрлі Ислам дінінің бейбітшілікке, бірлікке және адамгершілік құндылықтарына үндейтінін айтып, күмәнді діни ақпараттарға ермеудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, діни білімді тек сенімді дереккөздерден және білікті дін мамандарынан алудың қажеттілігі кеңінен насихатталды. Кездесу барысында жастарды және жалпы жамағатты жат идеологиялардың ықпалынан сақтандыруда діни сауаттылық пен ұлттық құндылықтардың рөлі ерекше екендігі айтылды. Ұстаз әрбір азаматтың ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға жауапкершілікпен қарауы керектігін атап өтті.

Уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға Құран мен сүннет негізінде тұшымды жауаптар беріліп, өзара пайдалы пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – халықтың діни танымын нығайту, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу және дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу болды. Осындай рухани кездесулер қоғамдағы ауызбіршілік пен татулықты нығайтып, елдің бейбіт өмірі мен рухани қауіпсіздігін сақтайды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: