ЖАМБЫЛ: СИРА САБАҒЫНАН ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАМБЫЛ: СИРА САБАҒЫНАН ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұстаз Жайна Бекназарова «Айшабибі» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкірттеріне «Сира» пәні бойынша қорытынды бақылау жұмысын өткізді. Бақылау барысында шәкірттердің Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмір жолы, өнегелі мінезі және исламды насихаттау кезеңдері жөніндегі білім деңгейі жан-жақты сараланды.

Сонымен қатар, олардың дәріс барысында меңгерген теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, тақырыптарды дұрыс түсінуіне ерекше көңіл бөлінді. Ұстаз шәкірттердің жауаптарын мұқият бағалап, білімді жүйелі түрде қайталау мен үздіксіз ізденістің маңыздылығына тоқталды. Қорытынды бақылау барысында білім алушылар өздерінің алған ілімдерін еркін баяндап, қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауап беруге тырысты. Сондай-ақ, шәкірттерге «Сира» ілімін өмірде басшылыққа алып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінезін күнделікті тұрмыста үлгі ету жөнінде тағылымды насихат айтылды.

Дәріс соңында білім алушылардың жіберген кемшіліктері талданып, оларды жетілдіруге бағытталған әдістемелік түсіндірмелер берілді. Кездесу барысында шәкірттердің білімге деген ынтасы мен белсенділігі жоғары деңгейде бағаланып, алдағы уақытта діни білімдерін одан әрі тереңдетуге шақырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – шәкірттердің «Сира» пәні бойынша меңгерген білімін қорытындылап, олардың діни сауаттылығын нығайту және рухани тәрбиесін жетілдіру болды. Осындай қорытынды бақылау сабақтары шәкірттердің білім сапасын арттырып, дәстүрлі Ислам құндылықтарын дұрыс түсінетін, парасатты әрі иманды тұлға болып қалыптасуына оң ықпал етеді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: