ЖАМБЫЛ: ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ЖАМБЫЛ: ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылындағы «Бейсеу ата» мешітінде имам Ермуханбет Берсүгірдің қатысуымен жамағатқа «Дін және қоғам» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізілді. Уағыз барысында Ислам дінінің қоғамдағы бейбітшілік пен татулықты нығайтудағы, адамдарды ізгілікке, әділдікке және жауапкершілікке тәрбиелеудегі маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Имам қоғамның тұрақтылығы әрбір азаматтың имандылығы мен көркем мінезіне тікелей байланысты екенін айтып, мұсылманды адал еңбек етуге, заңды құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға үндеді. Сонымен қатар, дәстүрлі діни құндылықтарды берік ұстанудың, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеудің және үлкенге ізет, кішіге қамқор болудың қоғам бірлігін нығайтатыны ерекше атап өтілді.

Кездесу барысында жастардың діни сауатын арттырудың, жат діни ағымдардың ықпалынан сақтанудың және рухани тәрбиені күшейтудің өзектілігі кеңінен насихатталды. Сондай-ақ, жамағатқа қоғамдағы өзара сыйластық, мейірімділік пен ауызбіршілікті сақтау әрбір мұсылманның азаматтық әрі діни міндеті екендігі түсіндірілді.

Уағыз соңында қатысушылар тарапынан қойылған діни сауалдарға Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті негізінде жан-жақты жауаптар беріліп, мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту және дәстүрлі Исламның бейбітшілік пен келісімге үндейтін қағидаларын кеңінен дәріптеу болды. Осындай рухани кездесулер халықтың бірлігі мен ынтымағын күшейтіп, елдегі қоғамдық келісім мен рухани тұрақтылықтың нығаюына үлес қосады.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: