ЖАМБЫЛ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

ЖАМБЫЛ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса ауылындағы «Домалақ ана» мешітінде имам Расылхан Сыбанбайдың қатысуымен жамағатқа «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды уағыз айтылды. Уағыз барысында отбасының қоғамның негізгі тірегі әрі ұлт тәрбиесінің алтын бесігі екендігі жан-жақты түсіндіріліп, оның берекесі өзара сүйіспеншілікке, сыйластық пен жауапкершілікке негізделетіні кеңінен насихатталды.

Имам ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдындағы құқықтары мен міндеттерін адал орындауы отбасы татулығының басты кепілі екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, бала тәрбиесінде ата-ананың өнегелі мінезі, мейірімі және дұрыс діни тәрбиесі шешуші рөл атқаратыны жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

Кездесу барысында үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық көрсету, туыстық байланысты нығайту және отбасы мүшелерінің бір-біріне жанашыр болуы Ислам дінінің асыл қағидаларының бірі екендігі түсіндірілді. Сондай-ақ, қазіргі қоғамдағы ажырасудың алдын алу, отбасындағы өзара түсіністік пен сабырлылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Уағыз соңында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті негізінде жан-жақты жауаптар беріліп, мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қоғамда берекелі әрі өнегелі отбасылардың қалыптасуына ықпал ету болды. Осындай рухани кездесулер халықтың діни сауатын арттырып, отбасылық бірлік пен қоғамдық келісімі нығаяды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: