Аудандық «Бәйдібек» мешітінде бас имам Даурен Куттыбаевтың қатысуымен жамағатқа «Пәтуа беру – жауапты іс» тақырыбында тағылымды уағыз айтылды. Уағыз барысында пәтуа берудің Ислам шариғатындағы аса жауапты міндеттердің бірі екендігі түсіндіріліп, мұндай істі тек діни білімі терең, шариғат үкімдерін жан-жақты меңгерген ғалымдар ғана атқара алатыны ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, діни мәселелерде сенімсіз ақпараттарға ермей, ресми діни мекемелер мен білікті дін мамандарының түсіндірмелеріне жүгінудің маңыздылығы кеңінен насихатталды. Бас имам жамағатты бірлік пен татулықты сақтауға, діни сауаттылықты арттыруға және күмәнді пікірлерден сақ болуға шақырды.
Кездесу барысында қатысушылардың діни сауалдарына Құран мен сүннет негізінде нақты әрі мазмұнды жауаптар беріліп, өзара пайдалы пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жамағаттың діни танымын нығайтып, пәтуа мәселесіне дұрыс көзқарас қалыптастыру, қоғамдағы рухани тұрақтылық пен ауызбіршілікті сақтау болды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

