Қызылқайнар ауылындағы «Бейсеу ата» мешітінің аумағында тазалық пен көріктендіруге бағытталған сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Игі шара барысында мешіттің айналасы қоқыстан тазартылып, арамшөптер шабылып, аула аумағы ретке келтірілді.
Тазалық жұмыстарына мешіт жамағаты белсене қатысып, қасиетті орданың айналасын таза әрі көрікті ұстаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті. Сонымен қатар, қоршаған ортаны таза ұстау – Ислам дінінің тазалыққа үндейтін асыл қағидаларымен үндесетіні жөнінде насихат айтылды.
Іс-шараның басты мақсаты – мешіт аумағының тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды дәріптеу және жамағат арасында бірлік пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру болды. Осындай игі бастамалар ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін нығайтып, мешіттің көркеюіне және тазалық мәдениетінің кеңінен насихатталуына оң ықпал етеді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

