ЖАМБЫЛ: ИХСАН - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

ЖАМБЫЛ: ИХСАН - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құмтиын ауылындағы «Ботабай» мешітінде аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаевтың қатысуымен жамағатқа «Ихсан – тәрбие негізі» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізілді. Уағыз барысында ихсан ұғымының Ислам дініндегі жоғары рухани дәрежелердің бірі екендігі және оның адамның барлық іс-әрекетін шынайылықпен әрі жауапкершілікпен орындауға үндейтіні жан-жақты түсіндірілді.

Наиб имам Алланы әрдайым көріп тұрғандай құлшылық етуге ұмтылу мұсылманның көркем мінезі мен имандылығының кемелденуіне негіз болатынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ихсан қағидасын өмірде ұстану арқылы адам бойында адалдық, мейірімділік, сабырлылық және жауапкершілік қасиеттері қалыптасатыны кеңінен насихатталды.

Кездесу барысында отбасы тәрбиесінде, қоғаммен қарым-қатынаста және еңбек жолында ихсан қағидаларын басшылыққа алудың маңыздылығы жөнінде тағылымды ойлар айтылды. Жамағат тарапынан қойылған діни сауалдарға Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті негізінде тұшымды жауаптар беріліп, мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жамағаттың рухани тәрбиесін нығайтып, ихсан құндылықтарын кеңінен дәріптеу, діни сауаттылықты арттыру және қоғамда ізгілік пен бірлікті орнықтыру болды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: