ЖАМБЫЛ: ӘЙЕЛ ӘДЕПТІЛІГІМЕН ӘДЕМІ

ЖАМБЫЛ: ӘЙЕЛ ӘДЕПТІЛІГІМЕН ӘДЕМІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұстаз Жайна Бекназарова «Айшабибі» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкірттерге «Әйел әдептілігімен әдемі» тақырыбында ақшам уағызын жүргізді. Уағыз барысында әйел баласының көркі ең алдымен оның әдептілігімен, имандылығымен және көркем мінезімен өлшенетіні жан-жақты түсіндірілді. Ұстаз Ислам діні әйел затына ерекше құрмет көрсететінін айтып, ар-намысты сақтау, ибалық пен ізеттілік мұсылман әйелдің асыл қасиеттері екендігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, отбасы берекесін сақтауда ананың тәрбиесі, сабырлылығы мен мейірімділігінің маңызы кеңінен насихатталды.

Кездесу барысында шәкірттерге сөйлеу мәдениеті, киім кию әдебі, уақытты тиімді пайдалану және білімге ұмтылудың рухани тәрбиедегі орны жөнінде тағылымды ойлар айтылды. Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүр мен исламдық құндылықтардың өзара сабақтастығы түсіндіріліп, қыз баланың тәрбиесі ұлттың болашағына тікелей әсер ететіні ерекше атап өтілді. Ақшам уағызы барысында қатысушылардың көкейіндегі сауалдарға Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті негізінде жан-жақты жауаптар беріліп, мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды. Ұстаз шәкірттерді көркем мінезді, білімді, ибалы әрі қоғамға пайдалы мұсылман әйел болуға үндеді.

Іс-шараның басты мақсаты – шәкірттердің рухани тәрбиесін нығайтып, әйел әдебінің исламдық қағидаларын кеңінен дәріптеу және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу болды. Осындай тағылымды ақшам уағыздары шәкірттердің діни танымын кеңейтіп, олардың бойында имандылық, парасаттылық және көркем мінез қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: