#Мойынқұм: Шығанақ ауылында ажырасудың алдын алу мәселесі көтерілді

#Мойынқұм: Шығанақ ауылында ажырасудың алдын алу мәселесі көтерілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шығанақ ауылдық «Досекеұлы Абсат» мешітінде жергілікті жамағат пен ауыл тұрғындарының қатысуымен отбасы құндылықтарын сақтау және ажырасудың алдын алу тақырыбында тағылымды уағыз-насихат шарасы өтті.

Жиын барысында мешіт имамы Рахымбай Тусупов шаңырақтың беріктігі — қоғамның тұрақтылығының кепілі екенін атап өтті. Ислам дінінде отбасын құру үлкен жауапкершілік әрі қасиетті міндет екені, ал некені бұзу — Алла Тағала ең ұнатпайтын рұқсат етілген іс (мәкруһ) екені ерекше айтылды.

Шара соңында отбасылық кикілжіңдерді ақылмен, сабырмен шешу және үлкендердің өнегелі кеңесіне жүгіну туралы пайдалы насихаттар айтылды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм»

мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: