#Мойынқұм: Мынарал ауылында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

#Мойынқұм: Мынарал ауылында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мынарал ауылында «Компания Мынарал» ЖШС (ТОО) балық зауытының ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы өтті. Игі шара аясында ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен 7 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік себеттері табысталды.

Ауыл тұрғындары мен жамағат қиын сәтте қол ұшын созып, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлаған зауыт ұжымына шынайы алғыстарын білдірді.

«Жасаған қайырымдылықтарыңыз қабыл болып, кәсіптеріңіздің берекесі арта берсін! Жақсылықтың жаршысы болып жүрген барша жандарға Алла Тағала мол сауап нәсіп етсін!» – деген жылы лебіздерін жеткізді ауыл тұрғындары.

Бұл шара кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі мен ауылдағы ауызбіршіліктің жарқын үлгісіне айналды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: