«Бірлікүстем» мешітінің имамы Жетпісбай Алимбеков жамағатқа дін мен дәстүр сабақтастығы туралы уағыз жүргізді.
Имам өз сөзінде дін адамзатты тура жолға салатын қасиетті заң, ішкі діңгек әрі иманның кепілі екенін атап өтті. Ал дәстүрді сол имандылықтың халықтың тұрмыс-салты мен күнделікті өміріне сіңіп, ұлттық нақыш алуы деп түсіндірді.
Жиын барысында ұлттық құндылықтарды сақтау мен ұрпақ тәрбиесіне ерекше назар аударылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

