#Шу: «Күнтубаба» мешітінде жат ағымнан сақтану жолдары айтылды

#Шу: «Күнтубаба» мешітінде жат ағымнан сақтану жолдары айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Күнту баба» мешітінің имамы Берік Ауесбаев жамағатқа «Жатағымжарғажығады» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді. Кездесу барысында жат діни ағымдардың жетегінде кетпеу, дәстүрлі құндылықтарды сақтау және діни сауаттылықты арттыру мәселелері сөз болды.

Имам өз сөзінде мұсылман қоғамының бірлігі мен ортақ ұстанымының маңыздылығына тоқталып, ардақты сахаба Абдулла ибн Масғұдтан (Алла оған разы болсын) жеткен мына бір хадисті тілге тиек етті:

«Мұсылмандар жақсы деп санаған (көрген) нәрсе – Алланың қасында да жақсы. Ал мұсылмандар жаман (бұрыс) деп санаған нәрсе – Алланың қасында да жаман».

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: