Бірлік ауылындағы «Бірлік» мешітінің имамы Медет Жұматаев жамағатқа табиғатты аялау және экологиялық мәдениет туралы уағыз-насихат жүргізді.
Имам өз сөзінде қоршаған ортаның адамзатқа берілген үлкен нығмет әрі жауапты аманат екенін атап өтті. Ислам дінінде тазалыққа, суды ысырап қылмауға және жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне жанашырлықпен қарауға ерекше мән берілетінін тілге тиек етті.
Жиын соңында ауыл тұрғындары мен жастарды қоршаған ортаны таза ұстауға, айналаны қоқыстан тазартып, ағаш отырғызу секілді сауапты істерге белсене қатысуға шақырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

