«Жәми» мешітінде Жамбыл облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Шу ауданы бойынша бөлім басшысы Мырзабек Смаилов жергілікті имамдармен кездесті.
Басқосу барысында жат ағымдардың алдын алу, олардың зиянын бұқара халыққа тиімді жеткізу жолдары сөз болды. Діни мамандарға халықпен жұмыс істеу барысында сөз сөйлеу мәдениеті, ақпаратты қарапайым әрі дәлелді тілмен түсіндіру әдістері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Жиын соңында деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетпеу үшін мешіт имамдарының уағыз-насихат жұмыстарын барынша жандандыру қажеттігі айтылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



23 Шілде 2026
7 Сафар 1448

