Талас: «Ең ұлы нығмет – иман байлығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Талас: «Ең ұлы нығмет – иман байлығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қызыләуіт ауылының мәдениет үйінде рухани бағыттағы дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Жаңабай сопы мешітінің имамы Төсбаев Әбдіқали «ең ұлы нығмет – иман байлығы» тақырыбында насихат айтты. Иман – Алла Тағаланы жүрекпен мойындап, Оның бұйрықтарына бойұсыну, адамды жақсылыққа бастайтын рухани күш екені түсіндірілді.

Иманды адам өміріндегі ең үлкен байлық деп бағалаған халқымыздың рухани мұрасында да сенім мен ізгілік ұғымдары ерекше орын алатыны айтылды. Әбдіқали ағамыз иманның тек тілмен айтылатын сөз емес, адамның жүріс-тұрысынан, амалынан, адамдармен қарым-қатынасынан көрінетін қасиет екенін жеткізді.

Шынайы иман иесін адалдыққа, сабырлылыққа, мейірімділікке, ата-анаға құрмет көрсетуге және қоғамға пайда келтіруге жетелейді. Сонымен қатар иманды күшейтудің жолдары – пайдалы білім алу, құлшылыққа мән беру, жақсы орта қалыптастыру және әрбір істі Алланың разылығын көздеп орындау екені баяндалды. Адам баласы дүние байлығынан бұрын жүрек байлығына ұмтылуы керектігі атап өтілді.

"Жаңабай сопы" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: