Талас: "Тақуалардың сыйы – жәннәт" тақырыбында насихат айтылды

Талас: "Тақуалардың сыйы – жәннәт" тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы жамағатқа тақуалардың сыйы – жәннәт бақ тақырыбында рухани насихат айтты.

Тақуалық – Алла Тағаланың разылығын көздеп, жүрек тазалығын сақтап, бұйырылған амалдарды орындау және тыйым салынған істерден бойды аулақ ұстау арқылы көрінетін қасиет екені түсіндірілді. Ахат имам Құран аяттары мен хадистерде жаннаттың мүміндерге берілетін ұлы сый екені баяндалатынын айтып, оған жетудің жолы иман, ізгі амал, сабыр, шүкіршілік және көркем мінез арқылы қалыптасатынын жеткізді.

Жаннатқа деген үміт мұсылманды жақсылық жасауға, адамдарға пайдасын тигізуге, жүрегін кірден тазартуға және өмірін ізгілікпен өткізуге жетелейтіні айтылды. Сонымен қатар әрбір пенде бұл дүниеде жасаған амалдарына жауап беретінін, сондықтан уақыттың қадірін біліп, сауапты істерге ұмтылу қажеттігі баяндалды. Рухани басқосу жамағатқа ақыретке дайындық, тақуалықтың мәні және ізгі амалдардың қадірі туралы ой салған тағылымды кездесу болды.

"Әбдірашит ата" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: