Талас: Тамды ауылында ұрпақ тәрбиесі тақырыбында кездесу өтті

Талас: Тамды ауылында ұрпақ тәрбиесі тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тамды ауылының мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылып, Тәңкібай ата мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлы «ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында насихат айтты. Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның ертеңін айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі.

Кездесуде бала бойына жақсы мінез, адамгершілік, имандылық және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының орны сөз болды. Нұрбол имам ата-ана тәрбиесінің бала өміріндегі ерекше рөліне тоқталып, жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беруде үлкендердің үлгісі маңызды екенін жеткізді.

Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды сақтау, салт-дәстүрді құрметтеу және жастардың рухани дамуына көңіл бөлу мәселелері айтылды. Тағылымды басқосу барысында қатысушылар ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойларын ортаға салып, қоғам үшін өзекті тақырып төңірегінде пікір алмасты.

"Тәңкібай ата" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: