Талас: МЕШІТТЕРДЕ КӨРКЕМ МІНЕЗ БЕН ЖҮРЕК ТАЗАЛЫҒЫ НАCИХАТТАЛДЫ

Талас: МЕШІТТЕРДЕ КӨРКЕМ МІНЕЗ БЕН ЖҮРЕК ТАЗАЛЫҒЫ НАCИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысындағы мешіттерде жамағаттың рухани-адамгершілік келбетін шыңдауға бағытталған тағылымды насихат кездесулері өтті. Басқосуларда дін өкілдері имандылықтың өзегі саналатын ар-ұят құндылығы мен жүрек тазалығы мәселелерін кеңінен қозғады.

«Әбілхан қажы» мешітінде өткен жүздесуде мешіт имамы Хеурза Асанов «Ар-ұят құндылығы» тақырыбында уағыз айтты. Имам ар-ұяттың адамның ішкі мәдениетін, тәрбиесін және имандылық деңгейін көрсететін асыл қасиет екенін атап өтті. Адам бойындағы ұят сезімі оны жамандықтан тыйып, жақсы амалдарға жетелейтінін түсіндірген дін қызметкері, жамағатты әрбір істе жауапкершілік танытуға, адалдық, қарапайымдылық, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету сияқты әдептерді сақтауға үндеді.

Ал Талас аудандық «Қаратау қажы би» мешітінде ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы «Көреалмаушылық – жүрек дерті» тақырыбында рухани насихат айтты. Имам көреалмаушылық пен іштарлықтың адамның рухани тазалығына нұқсан келтіріп, бауырмалдық пен сыйластықты әлсірететін кері қасиет екенін түсіндірді. Ол жүректі мұндай кеселдерден тазартып, өзгенің қуанышына ортақтаса білу, қанағат, сабыр мен шүкіршілікті серік ету — имандылықтың анық белгісі екенін қадап айтты.

Адамның рухани кемелденуі мен көркем мінезі жүрек тазалығынан басталатынын баса айтқан мешіт имамдары жамағатты өзіне үнемі есеп беріп, рухани құндылықтарды берік ұстануға шақырды.

«Әбілхан қажы» мешіті мен аудандық «Қаратау қажы би» мешітінің баспасөз қызметтері

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: