Талас: Аудандық мешітте «уақыптың» маңызы түсіндірілді

Талас: Аудандық мешітте «уақыптың» маңызы түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Қаратау қажы би мешітінде жамағатқа арналған рухани кездесу өтіп, наиб имам Асқарбек Серікұлы уақып тақырыбында насихат айтты. Уақып – мұсылман қоғамында қайырымдылық пен игілікке негізделген маңызды амалдардың бірі.

Оның мақсаты – белгілі бір мүлікті немесе қаражатты халықтың қажетіне, сауапты іске арнау арқылы қоғамға пайда келтіру екені түсіндірілді. Асқарбек имам уақыптың тарихтағы орнына тоқталып, мешіттер, білім беру орындары және әлеуметтік нысандардың дамуына бұл игі дәстүрдің қосқан үлесін атап өтті.

Сондай-ақ қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және ел игілігіне қызмет ету – сауапты істердің бірі екені жеткізілді. Жамағатқа уақыптың мәні мен оның қоғамдағы рөлі туралы түсінік беріліп, мұсылман баласын ізгілікке, жомарттыққа және пайдалы іске үлес қосуға үндейтін құндылық екені айтылды.

Аудандық қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: