Талас: Аудандық мешітте «пәтуа сағаты» ұйымдастырылды

Талас: Аудандық мешітте «пәтуа сағаты» ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Қаратау қажы би мешітінде жамағатпен арнайы кездесу өткізіліп, мешіттің наиб имамы Асқарбек Серікұлы пәтуа сағатын жүргізді. Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған діни мәселелерге жауап беріліп, күнделікті өмірде кездесетін шариғи сұрақтарға қатысты түсіндірмелер берілді.

Наиб имам мұсылманның діни амалдарды орындауда білімге сүйенуі, әр мәселені байыппен қарап, сенімді діни мамандардан кеңес алуы маңызды екенін атап өтті. Пәтуа сағаты барысында отбасы, ғибадат, қарым-қатынас және мұсылман өміріндегі өзекті мәселелер төңірегінде сұрақтар қарастырылды.

Әр сауалға Құран мен сүннет негізінде жауап беріліп, діннің жеңілдік пен даналыққа негізделгені түсіндірілді. Мұндай кездесулер жамағаттың діни сауатын арттырып, діни мәселелерде дұрыс бағыт-бағдар алуына мүмкіндік береді.

Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: