Талас: «ӘБІЛХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Талас: «ӘБІЛХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әбілхан қажы» мешітінде жамағатқа арналған рухани-насихат жиындары өтіп, мешіт имамы Хеурза Асанов қоғамның тұрақтылығы мен жеке адамның адамгершілік қасиеттерін шыңдауға бағытталған маңызды мәселелерді қозғады.

Кездесулер барысында имам ең алдымен радикалды діни ағымдардың алдын алу және олардың қауіптілігі туралы кеңінен сөз қозғады. Ол діннің негізгі мақсаты адамды ізгілікке, бейбітшілікке әрі көркем мінезге тәрбиелеу екенін айта келе, діни ұғымдарды бұрмалайтын жат ағымдардың қоғам тұрақтылығына тигізер кесірін атап өтті. Діни білімнің жеткіліксіздігі мен үстірт түсінік адамның қате пікірлерге еріп кетуіне себеп болатынын ескерткен Хеурза Асанов, жамағатты дінді терең біліммен тануға, кез келген ақпаратты саралай білуге және тек сенімді діни мамандардың кеңесіне жүгінуге шақырды. Сонымен қатар, отбасы тәрбиесі, жастардың рухани дамуы мен қоғамдағы татулықты сақтауда байыптылық пен ұстамдылық танытудың маңызы жеткізілді.

Сондай-ақ, басқосуда мұсылман баласына тән асыл қасиет — адалдық құндылығы дәріптелді. Имам Асанов Хеурза адалдықтың әрбір адамның күнделікті өмірінен көрінуі тиіс басты мінез екеніне тоқталды. Адал сөз айту, маңдай термен адал еңбек ету, аманатқа қиянат жасамау және өзгелердің ақысын жемеу отбасы мен қоғамдағы сенімнің берік тірегі екені айтылды. Адамның жүрегіндегі тазалық пен ниетінің дұрыстығы оның іс-әрекетінен байқалатынын түсіндірген имам, жамағатты өмірдің әр саласында әділдік пен шынайылықты ұстануға үндеді.

Санаға сәуле құйып, адамгершілік мен діни сауаттылықты арттыруға бағытталған тағылымды басқосу соңында қатысушылар көкейкесті сауалдарын қойып, өзекті мәселелер төңірегінде өзара ой бөлісті.

«Әбілхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: