Талас: «Діндегі шектен шығушылықтың алдын алу»жайлы ізгі кездесу өтті

Талас: «Діндегі шектен шығушылықтың алдын алу»жайлы ізгі кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әбдібай ата" мешітінде жамағатпен рухани кездесу өтіп, аудандық мешіттің наиб имамы Асқарбек Серікұлы «Дінде шектен шыққандар» тақырыбында насихат айтты. Асқарбек имам Ислам дінінің негізі – бейбітшілік, мейірімділік және орта жолды ұстану қағидаларына құрылатынын түсіндірді.

Дінді дұрыс түсінбеу, діни мәтіндерді өз бетінше бұрмалап қабылдау кей жағдайда адамның шектен шығуына себеп болуы мүмкін екені айтылды. Кездесу барысында діни мәселелерде асыра сілтеуге, өзгені орынсыз айыптауға, қоғамдағы татулыққа сызат түсіретін әрекеттерге жол бермеу қажеттігі сөз болды. Наиб имам мұсылман баласы үшін көркем мінез, сабырлылық пен парасаттылықтың маңызды орын алатынын атап өтті.

Сонымен қатар діни білімді арттыру, кез келген пікірге байыппен қарап, оны Құран мен сүннет негізінде, білімді мамандардың түсіндіруі арқылы қабылдаудың маңыздылығы түсіндірілді. Тағылымды кездесуде жамағатқа діндегі тепе-теңдікті сақтау, бірлік пен өзара құрметті нығайту жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: