Талас: «Жаназа рәсіміндегі дәстүрдің көрінісі» тақырыбында насихат айтылды

Талас: «Жаназа рәсіміндегі дәстүрдің көрінісі» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Аудандық Қаратау қажы би мешітінде жамағатқа арналған тағылымды кездесу өтіп, наиб имам Асқарбек Серікұлы «Жаназа рәсіміндегі дәстүрдің көрінісі» тақырыбында ой бөлісті. Адам өміріндегі ең жауапты сәттердің бірі – дүниеден өткен жанды соңғы сапарға шығарып салу.

Осы ретте имам жаназа рәсімінің Исламдағы орны мен халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан жөн-жоралғыларымен байланысына тоқталды. Насихат барысында қазақ халқының қайғыға ортақтасу, марқұмның жақындарына демеу көрсету, ағайынның бір жерден табылып, ұйымшылдық таныту секілді ізгі дәстүрлерінің мәні түсіндірілді. Мұндай рәсімдердің түпкі мақсаты – адамды құрметтеу, тірілерге сабыр мен жауапкершілікті насихаттау екені айтылды.

Сонымен қатар жаназа рәсімдерін атқаруда дін талаптарын дұрыс түсіну, салт-дәстүрдің тәрбиелік мәнін сақтау және ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелері қозғалды. Кездесу барысында жамағатқа өмірдің өткіншілігі, адамдық парыз бен ағайын арасындағы сыйластық жайында тағылымды насихат айтылып, қатысушылар көкейдегі сауалдарына жауап алды.

Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: